Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде шектеу мүмкіндігі туралы!

Ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап Қазақстанның азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар үшін «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды ерікті түрде шектеу туралы өтініш беру мүмкіндігі іске қосылды.

Жаңа қызмет өтінімдерді өңдеу мерзімдерін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматтарға, ең алдымен құмар ойындармен айналысатындарға, барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге бірден тыйым салуға мүмкіндік береді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін баннерлер мен бейне нұсқаулар жасалды, оларды келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://youtube.com/shorts/_Nq7Zb_M-4Y?feature=share.