Хабарлама!

Хабарлама!

2024 жылдың 21 сәуір мен 27 сәуір аралығында ауданда, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасында Еуропалық иммундау апталығын (әрі қарай ЕИА) өткізу жаспарлануда, вакциналардың тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi туралы хабардар ету жолымен халықты жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егулермен толық қамтуды қамтамасыз ету, иммундауға сенiмдi көзқарас қалыптастыру мақсатында, вакциналық алдын алу мәселелерi бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр.

Халықтың вакцинация мәселелері бойынша өтініштері  үшін Әулиекөл аудандық ауруханасының байланыс телефоны 79-974, «Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ, телефоны 21-0-45. Егер біреу егілмесе немесе өзінің соңғы егу күні есінде болмаса, осы телефон нөміріне немесе учаскелік дәрігерге, медбикеге хабарласыңыз.

Өз өміріңізге және балаларыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз.