Сіздерді келе жатқан Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз, әрқашан «Үлкенге – құрмет,кішіге - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Әрқашан өмірге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен белсенділіктеріңізге,еліміздің болашағына деген сенімдеріңізге біздің алғысымыз шексіз. Осы асыл қасиеттерді қиын кезеңдерде де жоғалтпай, әр уақытта өмірдің сындарынан сүрінбей өтуге сенімділіктің жарқын үлгісін танытып келесіздер.
Сіздерге Әулиекөл ауданының дамуына қосқан зор үлестеріңіз бен еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Әрқашан Сіздердің жандарыңызда шексіз қамқорлық жасай білетін балаларыңыз бен немерелеріңіз болсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін