Сапасы төмен консервіленген немесе ысталған өнімдерді тұтыну ауыр ауруға - ботулизмге әкелуі мүмкін. Бұл Clostridium botulinum қоздырғышы және оның тіршілік әрекетінің улы өнімі тудыратын, биологиялық текті күшті уландыратын инфекциялық-токсикалық текті жедел ауру. Clostridium botulinum - аз оттегі жағдайында қауіпті токсиндер (ботулиндік токсиндері) шығаратын бактерия.
Бұл ауруды өте ауыр және жиі өлімге әкелетін токсині.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2 сағаттан 3 күнге дейін (сирек жағдайларда 14 күнге дейін созылуы мүмкін). Аурудың клиникалық синдромдары:
интоксикациялық,
гастроинтестиналдық,
паралитикалық.
Бірінші тәулікте интоксикациялық және гастроинтестиналдық синдромдары пайда болады. Науқаста дене қызуы көтеріледі, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея пайда болады. Қос көру, заттар тұмандағыдай көрінеді, көз алдында тор сезімі бар, көз алмасының қозғалысы шектелуі мүмкін. Симптомдарға сонымен қатар қабақтың түсуі, көздің қитарлануы, бас ауруы және тұрақсыз жүру жатады. Көру қабылеттерінің бұзылыстарына, дауыстың бұзылуымен тіпті оның жоғалуына дейін қосылады.
Аурудың одан әрі дамуының негізгі симптомы тыныс алудың бұзылуы болып табылады. Токсин паралич тудырады. Паралич бет бұлшықетінен басталып, аяқ-қолға таралады. Егер ол тыныс алу бұлшықеттеріне жетсе, тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, бұл өлімге әкелуі мүмкін.
Аурудың алғашқы белгілерінде науқас шұғыл госпитализацияға жатады.
Медициналық көмекке жүгіну кешіктірілген жағдайда, ол көбінесе өліммен аяқталады. Өлімнің негізгі себебі - тыныс алудың тоқтауы. Бұрын ботулизм өлімге әкелетін болса, қазір анатоксиннің арқасында жағдай айтарлықтай жақсарды.
Белсенді иммундау ботулизм қоздырғыштарымен және олардың токсиндерімен байланыста болған адамдарға ғана жүргізіледі. Ботулизмнің алдын алу тағам өнімдерін сақтаудың санитарлық және технологиялық ережелерін қатаң сақтауға негізделген. Ет пен балықты тек жаңа күйде консервілеуге болады. Көкөністер мен жемістерді консервілеу алдында топырақ бөлшектерін кетіру үшін мұқият жуу керек.
Үйде консервілеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
– тек жақсы аршылған, қара дақтары жоқ жаңа піскен көкөністер мен жемістерді пайдаланыңыз;
– консервілеуге арналған банкалар зарарсыздандырылуы керек;
– үйдегі консервілерді салқын, қараңғы жерде сақтау;
– қолданар алдында үйдегі консервіленген өнімдерді ыдыста қайнатқан дұрыс;
– сақтау кезінде банкалардың қақпақтары ісіп кетсе, бұл консервілерді жеуге тыйым салынады.
Үйде дайындалған консервілерді, әсіресе анықталмаған сауда орындарынан қолдан сатып алу қауіпті.
«Әулиекөл аудандық
санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ
бас маманы
Жанна Ташмағамбет