«Мұқаш Тойғожаұлы» кітабының тұсаукесері өтті

«Мұқаш Тойғожаұлы» кітабының тұсаукесері өтті

2023 жылдың 22 маусымында Әулиекөл аудандық кітапханасында «Мұқаш Тойғожаұлы» кітабының тұсаукесері өтті. Авторлары Молдағазы Қаженұлы Жүрсуналин және Қази (Әбдіғазы) Алматұлы Бексейіт. Іс-шараға аудан әкімшілігі мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кітап мазмұны – кейіпкердің өмір жолы туралы ақпаратқа негізделген тарихи-көркем шығарма. Іс-шара барысында сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар алынды, сондай-ақ қызу талқылауда өлкетану ақпаратын сақтау туралы сөз қозғалды. Тұсаукесер соңында автор мен демеуші (Баймағамбетов О. С.) жазылған кітапты келген қонақтарға сыйлық ретінде таратты.
23 адам қатысты.