Мемлекеттік Рәміздер күніне мерекелік іс-шара өтті

Мемлекеттік Рәміздер күніне мерекелік іс-шара өтті

  4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні Әулиекөл ауданының орталық алаңында туды көтеріп, еліміздің Әнұранын орындаумен салтанатты жиын өтті.
  Аудан әкімі Ерлан Теменов әулиекөлдіктерге құттықтау сөз сөйледі.
- Мемлекеттік рәміздер-біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі, - деп атап өтті ол. - Олар тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді. Еліміздің барлық тұрғындары үшін ортақ үйдің нышаны ретінде шаңырақтың бейнесі орталықта орналасқан бүркіттің сұлбасы мен елтаңбасы алтын күнмен көгілдір жалауша әлемге Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз мемлекетінің бейнесін көрсетті. Осы мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін!
  Мерекені аудандық мәдениет үйінің әртістерінің көркем нөмірлерімен жалғасты.