5 мамырда аудандық мәдениет үйінде, Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ең ержүрек мереке қарсаңында Отанымызды қорғап қана қоймай, бейбіт өмірді қамтамасыз етіп жүрген азаматтарымызға арналған мейрам ұйымдастырылды.
Отан қорғаушыларды, аудан әкімінің орынбасары Сүлекеев Аят Сексенбайұлы, «Әулиекөл және Науырзым аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің подполковнигі Сапинов М. атаулы мерекемен құттықтады.
Дәстүр бойынша, бұл күні ең үздіктер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, бұл күні еліміздің Қарулы Күштері қатарына жас жерлестерді шақырып, Отан алдындағы қасиетті, азаматтық борышын өтеуге шақырды.
Аудан жұртшылығы мерекелік бағдарламаны тамашалап керемет көңіл-күйге бөленді. Мерекелік бағдарламаның финалында аудандық мәдениет үйі әртістерінің орындауында ән шырқалды. Концерттік бағдарлама жоғары кәсіби деңгейде өтті.