Мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат!!!

Мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат!!!

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Әлеуметтік қызметтер порталы                         (бұдан әрі - Портал) арқылы алынған оңалтудың техникалық құралдарын кепілдік берілген немесе одан асатын сома шегінде оңалту құралдарын Сізге берген сәттен бастап 14 (он төрт) күн ішінде тиісті, тиісті емес те сападағы тауар ретінде айырбастап алуға немесе қайтарып беруге болады. Кепілдік берілген бағадан асатын оңалту құралдарын таңдаған жағдайда, кепілдік берілген және нақты құн арасындағы айырманы Сіз өз қаражатыңыз есебінен дербес төлейсіз.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Портал арқылы оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін жеткізуші өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, жеткізуші өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірмей Порталда тиісті ақпаратты орналастыруға құқылысыз.

Жергілікті атқарушы орган құратын, жеткізуші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.