Ақпарат

Ақпарат

 2022 жылғы 6 желтоқсанда Әулиекөл ауданының әкімі Теменов Ерлан Олжабайұлының Тимофеев ауылы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуі өтті.

Жиынның жұмысына Әулиекөл ауданының әкімі Е.О.Теменов, Әулиекөл ауданының аппарат басшысы А.Б.Кубеков, Тимофеев ауылының әкімі А.А.Нсанбаев, учаскелік полиция инспекторы Е.К. Айтуаров қатысты.

Күн тәртібі:

  1. Әулиекөл ауданының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму есебі.
  2. Азаматтарды жеке қабылдау.

Ауылды газдандыру, дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді.

Әулиекөл ауданының әкімі Е.О. Теменов жиынға белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға алғыс айтып, табыс тіледі.