Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының аэроғарыш және инновация, цифрлық даму Министірінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік қызмет көрсету Реестірін бекіту туралы» бұйрығына  сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ  (ары қарай - Инспекция) ветеринария саласы бойынша келесі мемлекеттік қызмет көрсететінін мемлекеттік қызмет алушылардың назарына салады

  1. «Экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге                       

      ветеринариялық сертификат беру»

  1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау .              

 объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

  1. «Ветеринариялық зерханалармен берілетін сараптама актісін (сынақ хаттамасы) беру».( мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру)

Сонымен қатар Инспекция келесі мемілекеттік қызметтерді көрсетуге өтініш қабылдап және нәтижесін береді:

- «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалай  отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».

- «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»

Инспекция мемлекеттік қызметтерді келесі бұйрықтарға сәйкес көрсетеді:

 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы»

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығы

 «Ветеринария саласы бойынша мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірінің 2015 жылғы  24 тамыздағы №7-1/418 бұйрығы

«Сараптама актілерін (сынау хаттамалары) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірінің 2015 жылғы  16 қаңтардағы №7-1/19 бұйрығы

Инспекция барлық қызмет алушылардың назарына: инспекциямен көрсетілетін бүкіл мемлекеттік қызмет алу туралы ақпарат  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігінің арнайы сайтнда https://www.gov.kz/memleket/entities/moa?lang=ru «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде  орналастырылғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігінің cенім телефоны – 1417, және Қазақстанда көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер туралы Байланыс – Орталық жұмыс істейді – 1414

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет алуда туындаған сұрақтар туралы, қызмет алушылар Инспекцияның мына телефондарына хабарласа алады       8-(71453) 21-0-81, 21-0-72.

Жұмыс уақыты:

Инспекцияның жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-ден кешкі 18:30-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

«Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министірлігі

Ветеринариялық бақылау және

қадағалау Комитеті Әулиекөл

аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

басшысы:                                                                           А.Тайшибаев