Ең алдымен, дауыс беру үшін сізде жеке басын куәландыратын құжат болуы керек. Әрі қарай, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қол қойып, дауыс беру үшін бюллетень алу керек.
Бюллетень жасырын дауыс беру үшін кабинада толтырылады. Бюллетеньде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың деректері көрсетілген оң жақтағы бос квадраттарға кез келген белгі қоюға болады. Сондай-ақ, бюллетеньде "барлығына қарсы"деген жол бар.
Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Толтырылған бюллетень дауыс беру жәшігіне түсіріледі.