Супермаркеттер (дүкендер) үшін жадынама!

Супермаркеттер (дүкендер) үшін жадынама!

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы нарықтық экономикасы бар ел болып табылатынын хабарлайды және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын (бұдан әрі-ӘМАТ, 19 атаудан тұратын тізбе қоса беріледі) қоспағанда, тауарларға бағаларды Ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды. Осы Заңның 9-бабына сәйкес шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайды. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Анықтама үшін: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4– бабы-ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ – қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде,орта кәсіпкерлік субъектілеріне-75 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:

ақ қант-құмшекер

күнбағыс майы

Бірінші сортты бидай ұны

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

Рожки (өлшеніп салынатын)

сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

картоп

сәбіз

тауық жұмыртқасы (I санат)

пияз

ас тұзы

Ақ қауданды қырыққабат

Сүзбе: майлылығы 5-9%