ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  Әулиекөл аудандық мәслихатының шешім жобасына

«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы»  шешім жобасы әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты мәслихат шешімін  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII ҚРЗ ҚР Заңына сәйкес кеотіру болып табылады.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

Мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімінің жобасы  2022 жылдың  18 ақпаннан  2022 жылғы 4 наурызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырды.

 (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14171662 )

 

Шешім жобасы Әулиекөл ауданы әкімінің ресми сайтында, Әулиекөл аудандық мәслихатының парақшасында орналастырылған (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14171662 ).