ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 «Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  Әулиекөл аудандық мәслихатының шешім жобасына

«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекетімен «Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешім жобасы әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты мәслихат шешімін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы   Заңына сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тузеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес  әзірленді.

Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу қарастырады.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

Мәслихаттың ««Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімінің жобасы  2022 жылғы  2 тамыздан 2022 жылғы 16 тамызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырды. (сілтеме  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14171650 )

 

Шешім жобасы Әулиекөл ауданы әкімінің ресми сайтында, Әулиекөл аудандық мәслихатының парақшасында орналастырылған (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14171650  ).