Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде гранттық қаражат беру шарттары

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде гранттық қаражат беру шарттары

Мемлекеттік гранттар ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге (өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі кем дегенде үш жыл болатын 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жеке кәсіпкер), ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде бөлінеді.

Гранттың ең жоғарғы сомасы – 5 млн. теңге.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттардың негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

- бизнес-идеялардың жаңалығы (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды);

- бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау);

- бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі).

Бизнес-жобаның міндетті шарттары ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы (ақшалай қаражаты) болып табылады, оның ішінде жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды), жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

Кәсіпкерлер грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалануы тиіс:

- негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/ жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу), тауарларды шығару немесе қызметтерді көрсету үшін қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу;

- материалдық емес активтерді сатып алу;

- технологиялар сатып алу;

- кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

- зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындар.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалануға болмайды:

- жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

- жалдау ақысы ретінде;

- үлестес компанияларда/тұлғаларда негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алу/жұмыстарды орындау);

- пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

- осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;

- өңдеу өнеркәсібіне жататын азық-түлік өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға.

Келесі кәсіпкерлер түрлеріне гранттар берілмейді:

- қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

- салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барларға;

- қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатындар;

- мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 3-топтағы мүгедектерді қоспағанда);

- конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі барларға;

- осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде);

- тіркелген және конкурс өткізілетін аймаққа сәйкес келмейтін басқа өңірде бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге беріледі.

Құжаттарды қабылдау Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Алынатын грантқа ҚР Салық кодексіне сәйкес салық салынады.