Ұлттық Банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді. Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық Банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай «бағдарламалардың» кейбірінде мобильдік қосымша да бар.
Анықталған ресурстарда «Мемлекеттің алтын-валюта қорынан» немесе «Қазақстанның ұлттық ресурстарынан» түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, Ұлттық Банк басшылығының, оның ішінде бұрынғы басшылардың атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялардың нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.
Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді, өйткені:
Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернетпайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау.
Ұлттық Банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке ақпараттың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.
Толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77-52-05
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz