Егіс, егін жинау жұмыстарын жүргізу және ірі жемшөп (шабындық)дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары

Егіс, егін жинау жұмыстарын жүргізу және ірі жемшөп (шабындық)дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары

Дала өрттерінің туындау себептерінің бірі егіс және егін жинау жұмыстары, сондай-ақ ірі жемшөп (шабындық) дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау болып табылады.

ҚР өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылған әрбір техника жарамды ұшқын сөндіргішпен, электр сымымен және отын беру және майлау жүйесімен жарақтандырылуы тиіс. Қозғалтқыш бөлігі тамшыларсыз болуы керек.

Әрбір техника мен агрегаттар әрқайсысының көлемі кемінде 5 литр кемінде екі өрт сөндіргіш, және өрт ошақтарын жоюға арналған басқа да құралдар (шартылдақтар, күректер, құм салынған жәшік) болуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы алқаптарында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде, әсіресе егін жинау және шөп дайындау кезінде жақын жерде автоцистерна немесе суы бар басқа да бейімделген құрылғы және соқасы бар техника болуы тиіс.

Жұмыстар жүргізу жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы алқаптарында (шөп шабу, жинау) периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жырту жүргізу қажет. Орман алқаптары мен екпелерге іргелес аумақтар кемінде 8 метр жолақпен жыртылады.

Жалынның минералдандырылған жолақтар және жырту арқылы таралуын болдырмау үшін жыртылатын жолақтарды шабу қажет.

Өрт қаупі жоғары кезеңде құрғақ өсімдіктерді өртеуге және ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлерді өртеуге тыйым салынады.

Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлерді өртеу өрт қауіпсіздігі қағидаларының барлық талаптары сақтала отырып, өрт қауіпті кезең басталғанға дейін не аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

2022 жылғы 4 сәуірден бастап Қостанай облысының аумағында өрт қауіпті кезең басталғанын еске саламыз.

Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Әулиекөл ауданының тұрғындары мен қонақтарын қоқыс пен өсімдіктерді өртемеуді, от жақпауды, тез тұтанатын заттарды қалдырмауды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған:

жеке тұлғаларға - 5 АЕК;

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға-15 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне -20 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-50 АЕК.

Құрметті Әулиекөл тұрғындары және аудан қонақтары Әулиекөл ауданының әкімдігі және Әулиекөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауыңызды сұраймыз.