2021 жылғы 18 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 112 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 29 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 40, Рудный Қ. – 15, Қостанай ауданы – 14, Қарабалық ауданы – 8, Әулиекөл ауданы – 7, Жітіқара қаласы және Сарыкөл ауданында – 6, Меңдіқара ауданы – 4, Алтынсарин, Қарасу, Ұзынкөл және Федоров аудандарында - 3.
106 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 105 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 18 қараша аралығында COVID-19-дың 38 842 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 36 378.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 336 318 адам, екінші компонентпен 313 642 адам вакцинацияланды.