ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының   «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»  шешімінің жобасына

«Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешім жобасы әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты мәслихат шешімін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының     97-бабына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»  шешімінің жобасы 2021 жылдың  24 тамыздан  2021 жылғы  8 қыркүйекке  дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырды. (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11001904  порталға сілтеме).