Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау

Әулиекөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Әулиекөл ауданы әкімдігінің жауапты мамандары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жеке тұлғалардың жемшөпті дайындау және тасымалдау, күзгі дала жұмыстарын (жинау) дайындау және өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша көшпелі түсіндіру және рейдтік іс-шараларды жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 10 тамызында Чернигов ауылдық округінде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында азамат В. - ның жеке тұлғасында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталды. В. азаматына ауылшаруашылық техникасындағы ұшқын сөндіргіштің ақаулығы үшін ҚР ӘҚБтК 410-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Жоғарыда көрсетілген Бапқа сәйкес техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, ұйымдарда, ғимараттарда, құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады