Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 25 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 181 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,94% құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 67, Рудный қ. - 36, Арқалық қ. – 24, Лисаков қ. - 11, Жітіқара қаласы және Б.Майлин ауданында 7 - ден, Әулиекөл ауданы - 6, Қостанай және Федоров аудандарында 5 - ден, Амангелді және Қарабалық аудандарында 4 - ден, Алтынсарин ауданы - 2, Денисов,Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарвнда - 1.
163 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 6 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 164 адамда ауру белгілері болды, 17 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 25 шілде аралығында COVID-19-дың 19 378 жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 17 558.