Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 10 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 35 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,21 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 18, Рудный қ. - 6, Б.Майлин ауданы – 4, Арқалық қаласы және Қарабалық ауданында 3-ден, Федоров ауданында -1.
26 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 26 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 10 маусым аралығында COVID-19-дың 16121 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15602.