«Өнімді инновацияларды ынталандыру»

«Өнімді инновацияларды ынталандыру»

Осымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде гранттық бағдарламалар бойынша конкурстар өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаймыз:

1. Кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар / отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мақсатында аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар.

2. Консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелерін және/немесе технологияларын коммерцияландыру мақсатында құзыреттер орталығының консорциумдары.

3. Өндірістік сектор консорциумдары: саланың жүйелік міндеттерін шешетін технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында консорциум құру мақсатында Индустриялық-Ғылыми технологиялық консорциум.

Конкурсты өткізу мерзімдерін, сондай-ақ гранттар бағдарламалары бойынша толығырақ ақпаратты жобаның сайтынан алуға болады www.fpip.kz және Министрліктер.