Әулиекөл ауданы жұмыс берушілерінің назарына!

Әулиекөл ауданы жұмыс берушілерінің назарына!

«Еңбек Жолы» республикалық байқауы

Қоғамдағы Еңбек адамының мәртебесін көтеру мен еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» бастамасымен Қостанай облысында «Еңбек Жолы» республикалық байқауы басталды. Байқаудың мақсаты ең үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтау болып табылады. Байқауға кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (салаға қарамастан) қатыса алады. Байқау үш номинациядан тұрады:

  • «Үздік еңбек әулеті» - ең көп марапаттары бар, ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп әулет таңдалады;
  • «Өндірістің үздік жас қызметкері» - еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады;
  • «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.