Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 14 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 28 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,20% құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ.-13, Рудный қ. -7, Әулиекөл және Қамысты аудандарында 2-ден, Жітіқара, Қарасу, Қостанай және Ұзынкөл аудандарында 1-ден.

19 өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайдармен байланыста, 0 профилактикалық мақсатта.

Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 14 сәуір аралығында COVID-19-дың 14279 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12794.