Кәсіпкерлер назарына! Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту туралы

Кәсіпкерлер назарына!  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №164 "Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарына шекті рұқсат етілетін бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту туралы" қаулысымен 1 санаттағы жұмыртқаға шекті рұқсат етілетін бөлшек сауда бағасының мөлшері күнтізбелік 15 күннен ерте емес қайта қарау мүмкіндігімен күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге онға-350 теңгеге бекітілді (қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді).

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 202-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектілерінің ӘМАТ-қа шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерінен асыруы жүз айлық есептік көрсеткіш (291 700 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс – әрекет-екі жүз айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.