Құрметті әулиекөлдіктер! Қадірлі мұсылман қауым!

Құрметті әулиекөлдіктер! Қадірлі мұсылман қауым!

Баршаңызды өздеріңіз асыға күткен берекелі де қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Рамазан – отыз күн ораза тұтып, соған шүкіршілік ететін, сабыр мен төзім, мейірім мен шапағат айы. Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға бастайтын мезгіл. Адамдарды бауырмалдыққа, кешірімді болуға және төзімділікке тәрбиелейді. Азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге ниеттейді.

Өкінішке орай, елімізде жұқпалы індет әлі де таралуда. Осыған байланысты, Сіздерді қауіпсіздік шараларын толық орындауға, қиын кезеңде сабырлы болуға шақырамын.

Ниеттеріңіз қабыл болсын, дендеріңіз сау болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!