2021 жылғы 05 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 34 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 19 тұрғыны, Рудный қ. -8, Арқалық қ. -2, Алтынсарин, Қамысты, Қарасу, Наурзым және Б.Майлина аудандарында 1-ден.
26 өздігінен жүгінген кезде, 7 коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста, 1 профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 05 сәуір аралығында COVID-19-дың 13996 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 12346.