Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 5 наурызда Қостанай облысында COVID-19-дың 57 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,45 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 31 тұрғыны, Рудный қ. - 5, Федоров және Қостанай аудандарында 4-ден, Денисов ауданында-3, Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл және Б.Майлина аудандарында 2-ден, Алтынсарин және Жітіқара аудандарында – 1 жағдай.
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 05 наурыз аралығында COVID-19-дың 12 674 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 11316.