
Біздің карантинде, қашықтықта отырғанымызда міне бір жылдай уақыт болып қалды. Мамандар отбасындағы кекілжіңдердің өсімі туралы айтып отыр. Бұны біз Әулиекөл аудандық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша психологтар қауымдастығы іске асыратын Отбасыны қолдаудың ресурстық орталығына түскен жүгінулердің өсімі бойынша анықтап отырмыз. Қоңыраулар көбінесе ішімдік ішу, қызғану, қол көтеру, балалардағы қорқыныш пен бейімделуге байланысты туған кекілжіңдер болып табылады.
Осындай жағдайда біздің екі маманымызға «Отбасыдағы және жұптардағы зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» атты оқытушылық семинарға қатысу пайдалы және уақытылы сыйлық болды. Аталмыш семинарды «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» және «Келешек» психологиялық орталығы ұйымдастырған болатын.
Қазақстанның 200 психологтарынан астамы тұрмыстық зорлық – зомбылықпен күресу бойынша Миннесоттан Domestic Abuse Project (DAP) орталығынының тәжірибесін алдық. 50 жылдың ішінде DAP орталығы жұмыстың тиімді жүйесін құра білді: жарты жылдан кем емес уақыт кезеніңде бағдарлама өткен соң ерлі – зайыптылардың 60 пайызы келісімге келіп, қарым-қатынастарын зорлық – зомбылықсыз құра бастайды. Ең қызығы агрессорды соттың шешімі бойынша психогпен жұмыс жасауға жібереді, ал басқа топтарда психологтар зорлық – зомбылықтың құрбаны болған әйелдермен, және оның куәгерлері болған балалармен жұмыс жасайды. Отбасыдағы зорлық – зомбылық көп қырлы мәселе, ол өмір сүру үшін қаражаттың жетіспеушілігінен, зиянды тәуелділіктің болуынан, тиісті тәрбиенің жоқтығымен, сонымен қатар құрбан болғандар мен агрессорларда көбінесе анықталатын балалық шақта болған психологиялық жарақаттармен одан әрі күшейе түседі.
Біздің тұрмыстық зорлықтың құрбандарына көмек көрсету тәжірибеміз америкалық тәжірибеден қандай айырмашылығы бар екенін білу өзімізге де қызық болды. Шын мәнісінде Қазақстанда тек физикалық, психологиялық, экономикалық және сексуалдық зорлық – зомбылық қарастырылады екен. Ал АҚШ вербалды зорлық – зомбылықты да қарастырады екен. Ол дегеніміз құрбан ауызша нысанда қорлау мен төмендету; «қағаздағы» зорлық - зомбылық, арыздар мен шағымдар арқылы болатын қудалау; әрбір қадамында қарап отыратын мәжбүрлі бақылау; кибербуллинг – ғаламтор кеңістігіндегі қудалау мен қысым көрсету, ол желідегі танысудың салдарынан пайда болады. Біз үшін газлайтинг жаңа ұғым болды – ол агрессор өзінің үнемі құнсыз қалжындау, айыптау және қорқыту арқылы адамды өзінің сау екеніне күмән келтіріп, қиналуына жағдай туғызуы.
Егер де сіз өзіңіздің өмірінізде осындай жағдайға душар болсаңыз және жағдайыңыз осыған байланысты төмендеп кетсе 87772235353 ватсап нөміріне жазыңыз, бізде психологтың көмегін тегін ала аласыз. Қостанайда тұрмыстық зорлық – зомбылықтың құрбандарына көмек көрсету орталығы жұмыс жасайды 8(7142) 532-235.