Қостанай облысында қосымша карантиндік шектеулер енгізілуде

Қостанай облысында қосымша карантиндік шектеулер енгізілуде

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Штаб отырысы барысында Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері тыңдалды. Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы қаралды. Бұл туралы Қостанай облысының басшысы Instagram-дағы @arkhimed_mukhambetov аккаунтында хабарлады.

Мониторинг топтарымен 1-23 қаңтар аралығында 1330 рейдтік іс-шаралар өткізілді, 113 карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды.

Тек соңғы күндері жағдайлардың саны 2,6 есеге, тәулігіне 67-ден 177 адамға дейін өсті. Сырқаттанушылықтың үлкен өсімін ескере отырып, қолданыстағы шектеу шараларынан басқа, қосымша мынадай шектеулер енгізіледі:

- мектептерді екінші тоқсанға ұқсас оқыту форматына көшіру. 5, 9 және 11 сынып оқушылары қашықтықтан білім алады.

"Құрметті облыс тұрғындары! Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуіне байланысты КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ережелер мен енгізілген шектеулерді сақтауды сұраймын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!", — деп атап өтті облыс әкімі.