Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 17 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 74 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 36 адам, Рудный қ. – 9, Қостанай ауданында – 4, Меңдіқара ауданында – 4, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық, Б. Майлин атындағы аудандарда, Жітіқара қ., Лисаковск қ. 3 адамнан, Денисов ауданында – 2, Арқалық қ. – 1.
59 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 11 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған мақсатында, 4 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 17 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8671 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7628.