Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 16 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 72 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. – 32, Рудный қ. – 12, Қостанай ауданында – 5, Жітіқара қ., Лисаковск қ., Меңдіқара мен Ұзынкөл аудандарында 3 адамнан, Арқалық қ., Әулиекөл, Қарабалық, Б. Майлин атындағы аудандарда 2 адамнан, Алтынсарин, Қамысты, Федоров аудандарында 1 адамнан.
62 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған мақсатында, 3 адам профилактикалық мақсатта Мысырдан ұшып келген кезде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 65 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 16 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8597 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7627.