Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 08 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 64 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. – 9, Лисаковск қ. – 7, Жітіқара қ. – 4, Алтынсарин ауданында – 4, Меңдіқара ауданында – 3, Арқалық қ., Әулиекөл, Қарабалық, Қостанай Б. Майлин атындағы аудандарда 2 адамнан, Қарасу ауданында – 1 адам.
58 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 53 адамда ауру белгілері болды, 11 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 08 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8041 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7324.