Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 02 желтоқсанда Қостанай облысында COVID-19-дың 85 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 42 адам, Жітіқара қ. – 11, Рудный қ. –8, Лисаковск қ. – 7, Қостанай ауданында – 4, Денисов ауданында – 4, Жангелдин ауданында – 3, Әулиекөл ауданында – 2, Қарабалық ауданында – 2 және 1 адамнан Сарыкөл мен Б. Майлина атындағы аудандарда.
54 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 24 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 1 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 54 адамда ауру белгілері болды, 31 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 03 желтоқсан аралығында COVID-19-дың 5639 жағдайы тіркелді, 4093 адам емделіп шықты.