Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 01 желтоқсанда Қостанай облысында COVID-19-дың 84 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,6 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 45 адам, Рудный қ. –22, Лисаковск қ. – 11, Жітіқара ауданында – 2, Амангелді ауданында – 2, Әулиекөл ауданында – 1, Алтынсарин ауданында – 1.
55 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 24 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 5 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 56 адамда ауру белгілері болды, 28 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 01 желтоқсан аралығында COVID-19-дың 5472 жағдайы тіркелді, 3884 адам емделіп шықты.