Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 30 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 88 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,7% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 43 адам, Рудный қ. – 17, Әулиекөл ауданында - 6, Денисов ауданында - 5, Қарабалық ауданында – 5, Сарыкөл ауданында – 4, Қамысты ауданында - 3, Меңдiқара ауданында – 2, Алтынсарин ауданында - 1, Ұзынкөл ауданында – 1, Б.Майлин ауданында – 1.
71 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 1 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 4 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 69 адамда ауру белгілері болды, 19 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 30 қараша аралығында COVID-19-дың 5388 жағдайы тіркелді, 3873 адам емделіп шықты.