Әлеуметтік қызметтер порталы

Әлеуметтік қызметтер порталы

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметтер порталын біртіндеп енгізуді бастады. Бұл ОТҚ (техникалық көмекші құралдар) ұсыну және оларды тағайындаудың проактивті форматы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бизнес-процестерінің мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ портал оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар қажетті тауар мен қызмет түрін өз бетінше таңдайды. Бұдан басқа, мүгедектердің тілектеріне сәйкес оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі көзделген. Бұл порталда неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру функциясы (бірлесіп төлеу қағидаты) қолжетімді екенін білдіреді.

Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу оңалту құралдарына тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ "бір терезе" арқылы уақтылы көмекті (электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті), сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, өнім берушілер туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етті. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік берді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етті.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 2020 жылдың қаңтарынан бастап ОТҚ-ның 24 түріне, ал 2020 жылдың шілдесінен бастап ОТҚ-ның 31 түріне тапсырыс береді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап порталға толық ауысқан жағдайда, мүмкіндіктері шектеулі адамдар ВТЭК ұсынған іс-шараларға сәйкес қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілетін болады.

Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілген сәттен бастап Әулиекөл ауданында порталға өтінім берген 29 мүгедектің 12-сі проактивті қызмет алды.