ИСНА Салық төлеуші кабинетінде «Ұсынылатын СЕН» функционалының іске қосылуы туралы

ИСНА Салық төлеуші кабинетінде «Ұсынылатын СЕН» функционалының іске қосылуы туралы

📍 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.

▫️ Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсету қажет.

▫️ Кезекті/бастапқы салық есептілігі салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарының ақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.

▫️ Бұл ретте салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңі үшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.

▫️ Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.

▫️Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

▫️СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

▫️Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.