«Ақсүйек»

«Ақсүйек»

Ауданымызда  рухани  құндылықтарды дамыту, оларды жандандыру  мақсатында «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  аясында  «Атадан  қалған салт-дәстүр - ұрпағыма аманат» атты жоба іске асырылды. Осы жоба  аясында  аудандық мәдениет  үйінің  қызметшілерімен  4 қараша  күні «Ақсүйек» ойыны өткізілді. Мәдениет  үйінің  он шақты  жастары далалы   жерге  кешке жиналып, ойын  басшысы  Әсем  Қажиева  жігіттер  мен қыздарға  ойынның   ережесімен  тыныстырып оларды  екі топқа бөлді. Сүйекті  бірінші болып  тауып алған топтың  жеңімпаз атанатындығын  айтып,  қойдың  жілігін  алысқа  жасыруға беттеді.  Бірінші  топты Қасымов  Ерлан, екінші топты  Қабжанов Батыржан  басқарды.  Жастар  сүйекті  іздеуге кірісіп кетті. Ақсүйек – жастардың ойыны болып есептеледі. Бұл спорттық ойынды, жас жігіттер мен қыздар далалы жерде  бір - бірімен қалжындасып, әзіл айтып ойнаған. Ертеде Ақан сері Ақтоқтысымен, Абай Әйгеріммен, Біржан Ләйлімен ақсүйек арқылы табысқан деседі.  Бір уақытта  алыстан  Ерланның «Сүйекті таптым!» деген  дауысы  естілді. Сонымен  жастар  жинақталып, жеңімпазды  құттықтады. Ойын  басшысы  жеңімпазды  құттықтап, сыйлық табыс етті.

 Әулиекөл  ауданының  мәдениет үйінің қызметкерлері  Ерлан Қасымов, Бауыржан Жумжумин, Қабжанов Батыржан, Шурыгина Ольга, Самал Айса  іс-шараға  белсенді  қатысты. Бұл ойын жастардың бойындағы ептілік, алғырлық пен жылдамдықты  байқатты. Сонымен қатар ойыннан алған әсерлерін ортаға салды. Кеш көңілді аяқталды.

Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.