Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер.

Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер.

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 211 Бүйрығына сәйкес:

               «ҚР АШМ АӨК МИК Әулиекөл ААИ» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

               1) «Фитосанитариялық сертификатты беру» (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

2) «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берген күннен бастап екі (екі) жұмыс күні ішінде.

3) «Карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдігінен айыруды қамтамасыз ететін технологияларды пайдалана отырып, астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін өңдейтін объектілерге тіркеу нөмірін беру және (немесе) ағаш орау материалын дезинфекциялауды және таңбалау» (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) өтініш нысаны ЭСҚ болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы беріледі. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Порталға жүгінген жағдайда «жеке кабинетте» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

қызмет көрсетушіге:

            1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін)

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. «ҚР АШМ АӨК МИК Әулиекөл ААИ» ММ Әулиекөл ауылы, Целинная көшесі. 7 ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан. Жұмыс кестесі сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, өтінішті қабылдау және мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін беріледі.

Мемлекеттік қызметтердің ақпараттық онлайн порталы  « e-Agriculture»

Сенім телефондары: 8 (7142) 37-40-66 "ҚР АШМ АӨК МИК Қостанай ОАИ" ММ»

8 (71453) 22-9-20  «ҚР АШМ АӨК МИК Әулиекөл ААИ» ММ

 

Төтенше жағдайлар  желісінің телефондары: 8(71453) 21813, 87056991224

"ҚР АШМ АӨК МИК Әулиекөл ААИ" ММ»

 

Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясының бас маман

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекетік инспекторы  А. Токтарова