ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әулиекөл ауданында жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан бос демалыс алаңдарына бизнес субъектілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні Әулиекөл ауданында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында асфальтталған тұрақтары және өтпелі-жылдамдық жолақтары бар 2 бос демалыс алаңы орналасқан, бұл жол бойындағы сервис объектілерін салуға мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК Қостанай филиалының демалыс алаңдарының жанында келесі қолдау шараларын көрсету мүмкіндігі бар:

- келісу - демалыс алаңдарына жанасуға техникалық шарттар беру және демалыс алаңдарының жанына жер учаскелерін бөлуді келісу;

- орынды таңдау - автомобиль жолдарын қайта құру учаскелерінде демалыс алаңын жол бойындағы сервис объектісіне жақын жылжыту мақсатында жобаны өзгертуге болады;

- электрмен жабдықтау -автомобиль жолдарын және демалыс алаңдарын жарықтандырудың электр желісіне қосуға техникалық шарттар беру (қуат болған жағдайда);

- автомобиль жолдарын пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жөндеу - шекараны кеңейту және демалыс алаңдарын жөндеу;

- белгілерді орнату - автомобиль жолдарын пайдаланушыларды ақпараттандыру үшін жол белгілерін және ақпараттық таблоларды орнату;

- қоқысты шығару - қарды жинау және демалыс алаңдарынан қоқысты шығару.

Сондай – ақ, қолданыстағы бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары туралы («Бизнестің жол картасы-2025», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы) еске саламыз.

Барлық сұрақтар бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне 1 Май к-сі, 44, жұмыс телефоны 22-8-65 хабарласуларыңызды сұраймыз