Құрметті сайлаушылар

Құрметті сайлаушылар

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуы сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімдерін жасайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ ол қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.

Егер Сізге тұрғылықты жеріңізден тыс елді мекенде тұру қажет болса, Сіз (2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей сайлауға 30 күн қалғанда) өзіңіз уақытша жүрген жердегі әкімдікке сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Сайлаушылардың тізіміне қосуға және алып тастауға, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық мәселелер бойынша Сіз Call орталықтың: 8-(71453)-22-2-37, 8-(71453)-22-1-51 телефондарынан біле аласыз.