Рейдтік топтар санитарлық нормалардың бұзылуын анықтауда

Рейдтік топтар санитарлық нормалардың бұзылуын анықтауда

12 қазаннан мониторинг топтарымен Әулиекөл ауданының аумағында санитарлық-дезинфекциялық ережелерді сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Жалпы, осы уақыт ішінде шамамен 40 дүкен мен кафе тексерілді.

Бүгінгі күні 10 бұзушылық тіркелді, олар бойынша материал жиналып, одан әрі қарау үшін Әулиекөл ауданының тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау басқармасына (СЭС) жіберілді. Дүкен сатушыларының кейбіреулерінде  қолғап пен маска болмай шықты.

«Ермурат», «1000 мелочей», «Для Вас», «Лада+», «Азия», «Перекресток», «Триумф», «Визит», «Craft Beer» тағы басқа дүкендерде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды.

Сонымен қатар, 17 қазан күні Құсмұрын кентінің тұрғыны «Алтын Орда» кафесінде отбасылық мереке -  баласының туған күнін ұйымдастырған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік материал жинап, уәкілетті мемлекеттік органға жолдады.

Еске сала кетейік, 20 қазан күні сағат 00.00-ден бастап Қостанай облысында шектеу шаралары енгізілді