Тұмау мен ЖРВИ – жұғу жолдары мен негізгі белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болғанымен, бұл екі түрлі ауру.Көп жағдайда ЖРВИ-ны жай ғана суық тию деп қабылдайды және оны, әсіресе ересектер арасында, қауіпті ауру деп санамайды. Алайда вирус ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, сондықтан өзін-өзі емдеумен айналысудың қажеті жоқ.
Тұмау – - жыл сайын жаппай таралуға және тіпті бүкіл әлемде эпидемияға алып келетін ең кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Тұмау әрқашан кенеттен басталады. Ең алдымен дене қызуы 38ºС-қа дейін, орташа ауырлықта – 39–40ºС-қа дейін көтеріледі, ал ауыр жағдайда 40ºС-тан да жоғары болуы мүмкін. Қалтырау, бас ауруы, көз алмасының қозғалысы кезіндегі ауырсыну, бұлшықет ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тамақтың ауыруы, жөтел, көзден жас ағу байқалады.
Әулиекөл ауданы тұрғындарына ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында мынадай ұсыныстар береміз:
Есіңізде болсын! Бүгінгі күні тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі – вакцинация!
Ауырмаңыздар, дендеріңіз сау болсын!
«Әулиекөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің ЭБ бөлімінің басшысының м.а. Кабденова Гулмира Рафаэловна