Шектеу шаралары кезінде өткізіліп жатқан жұмыс туралы

Шектеу шаралары кезінде өткізіліп жатқан жұмыс туралы

Әулиекөл ауданында коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия құрылды. Мәселелердің туындауына қарай жедел штаб отырыстары өткізіледі. Сондай-ақ теміржол станциялары орналасқан елді-мекендерде көшпелі отырыстар өткізілді.

Сондай-ақ, Қостанай облысы аумағында енгізілген шектеулерге қатысты ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы орган БАҚ-та, оның ішінде әлеуметтік желілерде Қостанай облысы аумағында карантин енгізуге қатысты жаңа жаңалықтар туралы жариялауды ұйымдастырды.

Шектеу шараларын сақтауға қатысты алдын алу профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

«Біз біргемі» акциясы аясында волонтерлермен бірге халықтың осал топтарына азық-түлік жиынтықтарын, маскаларды тарату ұйымдастырылды. Бұл акцияларға кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті дін қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, аудан еріктілері зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлерінің аз қамтылған отбасыларына шаруашылық-тұрмыстық көмек көрсетті.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізілді.

ҚР ӘҚБК–207 425-бабының 1-бөлігі бойынша бұзушылықтар анықталды.

Қаралды – 164.

2639100 теңге сомасына айыппұл салынды.

Қараудан бас тартылды (әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, ҚР ӘҚБК талаптарына сәйкес дәлелдемелердің толық көлемі емес) – 34 материал.

ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша келіп түскен материалдар– 3 (дәрілік заттарға шекті бағаның артуы).

Хаттама толтырылды -1, айыппұлмен -1, сомасы - 97230 теңге.

Қараудан бас тартылды (әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы) - 2 материал.

Брошюра