
Жеке тұлғалардың банкроттығы – бұл азаматтардың несие мен микронесие бойынша қарыздарын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда қиындықтар туындаған жағдайда, қарыз берушілер алдындағы берешекті реттеу тәсілі болып табылады. Егер қарыз алушы адал әрекет етсе, төлем қабілетсіздігі дәлелденген жағдайда берешек толықтай кешіріледі.
Заңда үш түрлі рәсім көзделген:
1. Соттан тыс банкроттық
2. Сот арқылы банкроттық
3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Әр рәсімнің өз талаптары бар, қарыз алушы өтініш берген кезде сол талаптарға сай болуы тиіс.
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін қарыз алушының жалпы берешегі 1600 АЕК-тен (5 млн 520 мың теңгеден) аспауы керек. Сонымен қатар келесі шарттар орындалуы қажет:
- соңғы 12 ай ішінде несиелер бойынша төлем жасалмаған болуы тиіс;
- берешек пайда болған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде қарызды өндіру рәсімі жүргізілген болуы қажет;
- соңғы 7 жыл ішінде қарыз алушыға банкроттық рәсімі қолданылмаған болуы тиіс.
Егер қарыз 5 жыл және одан көп уақыт бойы өтелмеген болса, азамат осы рәсімге өтініш бере алады, бұл жағдайда жоғарыдағы шарттар қолданылмайды.
Егер қарыз алушы мекенжайлық әлеуметтік көмек (МАӘК) алушы болып, оны кемінде 6 ай бойы алып келсе, ол да банкроттыққа өтініш бере алады және рәсім аяқталған соң «Банкрот» мәртебесін алады.
Сот арқылы банкроттық рәсіміне өтініш беру үшін қарыз алушының жалпы берешегі 1600 АЕК-тен жоғары болуы тиіс.
Бұл рәсім барысында борышкердің барлық мүлкі саудаға шығарылады, тек жалғыз тұрғын үй кепілде болмаған жағдайда сақталып қалады.
Сот арқылы банкроттық кезінде борышкерге келесі шектеулер қойылады:
- мүлкін иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер алу (жаңа несие, кепіл, кепілдеме беру) тыйым салынады;
- шетелге шығуға тыйым салынады.
Рәсім аяқталғаннан кейін азаматқа «банкрот» мәртебесі беріледі.
- барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізімі, берешек сомалары және олардың пайда болу күндері көрсетілген құжат;
- борышкердің мүлкі мен оның бағалау есебі (егер бар болса), өтініш берген күнге дейін 6 айдан аспайтын мерзімде жасалған;
- соңғы 3 жыл ішіндегі азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелердің тізімі, соның ішінде кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер;
- банктік несие немесе микронесие шарты бойынша қарызды реттеу шаралары қабылданғанын растайтын құжаттың көшірмесі.