Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі

Әулиекөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2025 жылғы 1 қазанға дейін жеке тұлғалардың 2024 салық кезеңі үшін мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.

Мүлік салығын төлеушілер – меншік құқығында тұрғын үйі бар азаматтар (автотұрақ орындары, қоймалар, пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар және оларға іргелес жер учаскелері).

«Салық кодексінің» 526-бабының 2-тармағына сәйкес жеңілдікке ие азаматтар мүлік салығын төлеуден босатылады.

Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде қолма-қол ақшамен немесе төлем терминалдары арқылы, банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталарының көмегімен төлеуге болады.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 2 қазаннан бастап мүлік салығын уақытылы төлемеген жеке тұлғаларға салықтық берешек туралы хабарламалар жіберілетінін назарға саламыз.

Әулиекөл ауылы тұрғындары үшін кеңес алу телефондары: 8-714-53-23-1-34, 21-0-23.