2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде тамақтану бірыңғай ұлттық стандарт бойынша ұйымдастырылды.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде тамақтану бірыңғай ұлттық стандарт бойынша ұйымдастырылды.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде тамақтану бірыңғай ұлттық стандарт бойынша ұйымдастырылды.

           Әулиекөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ж.С. Тургумбаев, мектеп ас мәзірінде не өзгергенін айтты.          

Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен, тиісті отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, ғылыми көзқарастар мен халықаралық ұсынымдар негізінде мектептегі тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Ол 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық оқу орындарында күшіне енеді. Жаңа тәсіл балалардың денсаулығы мен дамуының заманауи талаптарына сәйкес келетін теңгерімді, қауіпсіз және салауатты тамақтануды қамтамасыз етуге бағытталған.          

Басқарманың басшысы мектептегі тамақтану реформасының балалардың физикалық жағдайын жақсартуға әсері бар екеніне тоқталды.• оқу үлгерімін жақсартуға көмектеседі,• концентрацияны жақсартады,• болашақта созылмалы аурулардың қаупін азайтады,• ерте жастан дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады.          

Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты диетаны салауатты етуге бағытталған.- Тұз, қант және май аз. - Шұжықтар, фастфудтар, қант қосылған шырындар, спредтер мен консерванттарға тыйым салынады.- Көбірек көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, сүт және ашытылған сүт өнімдері. - Шағын жинақталған мектептерде түскі асқа арналған сөмкелер енгізілді: ыстық сэндвич, ашытылған сүт өнімі, жеміс-жидек пен сусын. - Ас мәзірі маусымды ескере отырып, төрт аптаға жасалады және денсаулық сақтау органдарымен келісілуі керек.- Қант диабетімен, аллергиямен және басқа да денсаулық жағдайымен ауыратын балаларға арналған арнайы мәзірлер бар. - Жеуге жарамсыздық индексі енгізілді: егер тағамдардың 30%-дан астамы қол тимеген болса, мәзір қайта қаралады.

Сапаны бақылау қалай ұйымдастырылады?-  Әрбір тағамның құрамында калориялар, ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер мен минералдар туралы ақпарат беріледі. • Бір тағамды бірнеше күн қатарынан қайталауға тыйым салынады. • Сапаны бақылау комиссиялары құрылды: мектеп әкімшілігі, дәрігерлер және ата-аналар тағамның сапасын тексереді. • Мектеп медбикелері күнделікті органолептикалық бақылау жүргізеді. • Азық-түлік өнімдері мен тағам алмастырғыштардың есебін жүргізіледі.

Бұл не үшін қажет? • Балалардағы семіздік деңгейін төмендету (қазіргі уақытта әрбір бесінші мектеп оқушысы артық салмақ). • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес тұз бен қантты тұтынуды шектеу. • Иммунитетті нығайту және созылмалы аурулардың қаупін азайту. • Ата-аналардың сенімін және мектептегі тамақтану жүйесінің ашықтығын арттыру.