Жеке тұлғалардың банкроттығы – бұл несиелер мен микронесие төлемдерін өтеуде қиындық көріп жүрген азаматтардың кредиторлар алдындағы қарыз міндеттемелерін реттеудің заңмен белгіленген тәсілі. Қарыз алушы адал әрекет еткен жағдайда, егер қарызды өтеу мүмкін болмаса, оның толықтай кешірілуі банкроттық нәтижесі болып табылады.
2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойды. 2023 жылғы 3 наурыздан бастап бұл рәсімге өтінім қабылдау Электрондық үкімет порталы eGov.kz, eGov Mobile мобильді қосымшасы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы басталды.
Жеке тұлғаларға банкроттыққа өтінімді қалай беру керек?
Заңда үш түрлі рәсім қарастырылған:
Әрбір рәсімнің өзіндік шарттары бар және қарыз алушы өтінім берген кезде сол шарттарға сай болуы тиіс.